Жастар есірткісіз болашақ үшін

25.04.2024

2024 жылдың 25 сәуірінде Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде «Есірткісіз болашақ үшін» атты іс – шара өтіп, «STOP-есірткі!» челленджінің қорытындылады. Іс-шараның негізгі мақсаты - есірткі заттарының таралуы мен қолданылуының алдын алу, сондай-ақ жастар ортасында нашақорлық проблемасына назар аудару және салауатты өмір салтын насихаттау. Челлендждің бастамашылары Есіл ауданының полиция бөлімі мен жастар ресурстық орталығы болды. Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі М. Г. Аяғанов қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде нашақорлықтың алдын алу маңызды екенін айтты, өйткені нашақорлық адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қауіпті ауру. Мұратбек Ғалымжанұлы жеңімпаздарды құттықтап, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Челлендждің қалған қатысушыларына да алғысын білдірді. Қорытынды бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын 13 топ «Агрономия» мамандығы бойынша, 2 орын 14 топ «Есеп және аудит» мамандығы бойынша және 3 орын 23 топ «Агрономия» мамандығы бойынша. Есіл ауданының полиция бөлімі мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс айтамыз.



Текст
Виртуальная приемная